Предпросмотр курс

Мұсылман Қажылықта болу, болмағанына қарамастан, Умра жасау қажеттілігі азаймайды. Кім Қажылықта әлі болмаған болса, Умра болашақта болатын қажылықтың дәмін татуға мүмкіндәк береді, міндетті түрде бару керек болатын орындармен танысу, шамамен не күтіп тұрғанын  ойлау және ахлақ деңгейінде оған дайындалу. 
Қажылықта болғандар үшін, Умра соншалық күш пен қаржы жұмсамай, құлшылық жасау мақсатында сүйікті орындарға оралумен қызықты. Имам әл-Бұхари жеткізген хадисте айтылғандай:
" Әр жасалған Умра арасындағы күнәлар кешіріледі, ал мінсіз Қажылықтың сыйы - тек қана Жәннат" .

Басқа хадисте:
«Қажылық пен умраны қатар жасаңдар. Өйткені темір, алтын және күмістің дағын көріктің кетіргені секілді қажылық пен умра кедейлік пен күнәларды жоқ қылады». 
Имам ат-Тирмизи және ан-Насаи келтірген. 
Бұл хадисте Қажылық пен Умра адамды тек күнәлардан ғана тазартып қоймай,  сонымен қоса кедейліктен сақтайтыны көрсетілген. Бірақ қажылыққа бару тек байлық үшін емес, Алла үшін жасалу керек. Алла өз қалауынша мейірімі мен жомарттығын береді. Біз онсыз да сансыз беріліп жатқан, бізді қоршап жатқан және біз пайдаланатын мейірімділікке  тек ризашылығымызды білдір керекпіз.

Ибн Маджадан берілген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Қажылық жасаушылар мен умраға барғандар–Алланың сыйлы қонақтары. Егер олар тілек тілесе , Алла тілектерін қабыл алады, күнәларына кешірім сұраса, күнәларын кешіреді».

Рұқсаттарыңыз көру үшін, сабақтарды осы курс алдымен сатып алуға бұл курс.
Қазір сатып алу

Рұқсаттарыңыз көру үшін, сабақтарды осы курс алдымен сатып алуға бұл курс.
Қазір сатып алу

Курс туралы:

  • Оқытылды 500